сенбі, 28 қыркүйек, 2024 22:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық оқушылар «Елбасы медалімен» марапатталды

Жамбылдық оқушылар «Елбасы медалімен» марапатталды
ашық дереккөзі
Жамбылдық оқушылар «Елбасы медалімен» марапатталды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасына қатысқан жастарды марапаттады. Аймақ басшысы «Елбасы медалі» жобасының қатысушыларына қола медальдар және ауыл оқушылары арасында өткен «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздарына сыйлықтар табыстады. Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясындағы дарынды жастар мен көшбасшыларды қолдау және дамытуға бағытталған «Елбасы медалі» жобасына Жамбыл облысынан 463 қатысушы тіркелген. Оның ішінде 95 оқушы - «Алтын медальға», 51 оқушы «Күміс медальға» және «Қола медальға» - 317 оқушы үміткер. Білім мен білік бәйгесінің нәтижесінде «Қола медальді» Жамбыл облысы бойынша 31 оқушы жеңіп алды. Айта кету керек, бағдарлама үш деңгейден тұрады. «Қола медаль» деңгейінің оқу ұзақтығы 6 ай, «Күміс медаль» деңгейінің оқу ұзақтығы 12 ай және «Алтын медаль» деңгейінің оқу ұзақтығы 18 ай. Жоба аясында әбір қатысушыға спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхат, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі сынды өзін-өзі дамыту үшін 7 бағыт ұсынылған.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар