Әлеумет

Жамбылдық оқушылардың қоржынында 4 алтын, 2 қола және 1 күміс медаль

Жамбылдық оқушылардың қоржынында 4 алтын, 2 қола және 1 күміс медаль

Дарынды оқушыларға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшылығымен «әл-Фараби» атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасын өткізіп келеді.

Жамбылдық оқушылар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадаға қатысқан болатын.

Байқаудың мақсаты– тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларын насихаттауға арналады.

Атап айтсақ, биология пәнінен өткен Халықаралық Мендель олимпиадасына қатысқан 250 оқушының ішінен Жамбыл облысының білім басқармасына қарасты дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Айсұлтан Шырынханов алтын медаль, ал 10-сынып оқушысы Бақтыбек Әлімжан күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ, биология пәнінен өткен Беларусь олимпиадасынан аталған білім мекемесінің 9-сынып оқушысы Айсұлтан Шырынханов және 10-сынып оқушысы Еркін Қасым қола медаль жеңіп алды. Ал әл-Фараби Халықаралық олипиадасынан аталған лицей-интернаттың 9-сынып оқушысы Шырынханов Айсұлтан, 10-сынып оқушылары Әлімжан Бақтыбек және Расул Фазлиев алтын медальді қорынға салып, облыс абыройын асқақтатты.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдердің білім беру ұйымдарының 9, 10-сыныптарынан 4 мыңнан аса оқушы қатысып, білімдерін сынады.

Байқауда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер ЖОО-на түсу үшін білім беру грантына артықшылық құқығына ие және олимпиада барысында таңдаған мамандығына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі грантына ие болуға  септігін тигізеді.

  Кәмшат ҚАДЫР