«Жас маман» жобасы жаңғыртуды көздейді
«Жас маман» жобасы жаңғыртуды көздейді
Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас маман» жобасын қолға алды. Жалпы, жоба мақсаты – еліміздегі сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 180 колледж бен 20 университетті 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.
Аталған жобаны іске асыру барысында колледжге «Дәнекерлеу ісі» және «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандықтары бойынша оқу-зертханалары мен шеберханалардың материалдық-техникалық базасын замануи жабдықтармен жабдықтау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта жоба аясында аталған мамандықтар бойынша оқу үрдісін модернизациялау, оқытушыларды қайта даярлау және халықаралық стандарттарға сәйкес оқу бағдарламаларын дайындауға кәсіби көмек көрсету үшін шетелдік серіктестерді тарту жоспарлануда. Сонымен қатар еңбек нарығындағы ең қажетті мамандықтарға басымдық беріліп, саннан сапаға көшуге күш жұмсалады.
Кәсіптік маман иелерін халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту жұмыстары жаңа оқу жылынан басталды.
К.ТАЖИЕВА,
Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі
директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары