бейсенбі, 22 мамыр, 2025 0:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйектен бастап студенттерге арналған қаржыландыру артады

1 қыркүйектен бастап студенттерге арналған қаржыландыру артады
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР Үкіметі бұл бағытта қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады. Қолданыстағы әдістемеге сәйкес, бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат көлемі 437 мың теңгені құраса, енді бұл сома 912 мың теңге көлемінде белгіленіп отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа қаржыландыру жүйесі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлем нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге ғана беріледі.

Бұл жүйе бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түсетін табыс білім беру ұйымдарының дамуына бағытталатын болады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар