1000-ға жуық мұғалім «Келешек мектептерінде» жұмыс істеуге өтінім берді
Бұл туралы министрлік мәлім етті
Жаңа форматтағы «Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, іріктеуге қатысу үшін 917 өтінім түскен. Тестілеуге еліміздегі 5 педагогикалық жоғары оқу орнының түлектері қатысты. Үміткерлер тестілеу барысында пәндік білім деңгейімен қатар, әлеуметтік және эмоционалдық құзыреттері бойынша да бағаланады.