Білім

28 мыңнан астам мұғалім тегін курстарды қайдан өтіп жүргені белгілі болды

Бұл ұстаздар біліктілігін арттыру курстарына қатысқан

Қазақстанда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Анықталғандай, мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан тегін курс өткен.

Оқу курстары осы жылдың ақпан айының соңында басталды. Орталық 80 мыңнан астам педагогті, оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жүйесінің 11 мыңнан астам педагогін және 68 мыңнан астам мектеп педагогін оқытуды жоспарлап отыр.