Білім

339 880 бала қабылданған: бүгін 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі аяқталды

339 880 бала қабылданған: бүгін 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі аяқталды

Бүгін Қазақстанда 1-сыныпқа оқушылардың құжаттарын тапсыруға берілген 4 ай мерзім аяқталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, өтініш берішулердің 70,7 пайызы мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы іске асты. 1-сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3 пайыз) және Павлодар (97,6 пайыз), Шығыс Қазақстан (96,6 пайыз) облыстарында тіркелді.