Абай облысының мектептері 100% интернетпен қамтамасыз етілген
- авторМағжан Орынбасар
- 24 шілде, 2024
- 411
Жыл соңына дейін өңірде тағы 87 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізбек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2023-2024 оқу жылында интернет жылдамдығын арттыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді.
167 мектепте келісімшарт қайта жасалды. Нәтижесінде жылдамдықты секундына 2-4 Мбит-тен 10-20 Мбит-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. Интернет жылдамдығы төмен мектептер саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 43 пайызға қысқарды.
Облыс бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін жылдамдығы төмен 133 мектеп тізімі анықталған. Starlink жабдықтарын орнату 21 мамырда басталып, 1 тамызда аяқталады. Қазіргі уақытта 125 мектеп толығымен қосылды. Енді оқу жылы басталғанға дейін тағы 8 мектепті қосу жоспарлануда.
Облыста 302 мектеп бар, оның ішінде қалалық мектептердегі интернет жылдамдығы техникалық мүмкіндіктерге байланысты секундына 20-дан 200 Мбит-ке дейін, ал ауылдық мектептерде 4 – тен 214 Мбит-ке дейін өзгереді.