Білім
Алғашқы сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 10:18
- 51
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1 - сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
– Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз, - деді министр.






