Алматыда Абай атындағы алғашқы ұлттық мектеп ашылуға жақын
- авторБақытжан Бекболат
- 11 тамыз, 2025
- 823
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл білім ордасы – кезінде Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты болған, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған оқу орнының жаңартылған нұсқасы, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мектеп толықтай жаңғыртудан өтіп, жаңа мазмұнмен жұмысын бастайды.
Өткен ғасырдың 50-жылдарының соңында іргесі қаланған бұл оқу орны жетпіс жыл ішінде өнер, қоғам және мемлекет қайраткерлерін тәрбиеледі. Енді ол халықаралық зияткерлік орталыққа айналып, жаңа білім беру бағдарламалары мен озық тәрбие әдістерін енгізетін алаң болмақ.
Мектеп Қазақстандағы Абай есімін иеленген 200-ден астам білім беру мекемесінің және Түркиядағы екі бірдей мектептің әдістемелік-үйлестіру орталығына айналады. Жоба авторларының мақсаты – бұл жерде білімді ғана емес, ұлттық құндылықтарды заманауи даму жолымен сабақтастыра алатын көшбасшыларды тәрбиелеу.
Ұқсас жаңалықтар
"Ірі аймақтық іс-шара": Алматыда Роботтар фестивалі басталды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қаңтар, 2026
Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізілуде
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қаңтар, 2026





