
2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтер саны 412 мыңға жетті, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 14 мыңға көбейгенін көрсетеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтқандай, педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелді. Сонымен қатар, жас мамандар легі де артып келеді – кадр қажеттілігі педагогикалық жоғары оқу орындарын жаңадан бітірген түлектер есебінен де қамтамасыз етілуде.
- «Педагогтар санының артуы еліміздің орта білім беру жүйесіндегі кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік берді. Бүгінде еліміздегі мұғалімдердің 73%-ы жоғары біліктілік санатына ие — бұл кәсібилік пен білім сапасының маңызды көрсеткіші», — деді Мереке Амангелдіқызы.
Сондай-ақ ол педагогтерге қолдау көрсету — мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін еске салды. Президенттің бастамасымен биыл алғаш рет бірден екі мұғалімге «Еңбек Ері» атағы берілді. Тағы 36 мұғалім мемлекеттік наградалармен марапатталып, 64-і «Үздік педагог» деп танылды. Олардың барлығы мемлекеттен 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде — 3,5 миллион теңгеден астам сыйақы алды.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық студент Google компаниясынан арнайы шақырту алды
- авторБақытжан Бекболат
- 29 мамыр, 2025