Білім

Қазақстан мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

The final spritzer

Биылғы оқу жылында 14 мыңға жуық мұғалім жұмысқа қабылданған

2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтер саны 412 мыңға жетті, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 14 мыңға көбейгенін көрсетеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтқандай, педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелді. Сонымен қатар, жас мамандар легі де артып келеді – кадр қажеттілігі педагогикалық жоғары оқу орындарын жаңадан бітірген түлектер есебінен де қамтамасыз етілуде.

 Сондай-ақ ол педагогтерге қолдау көрсету — мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін еске салды. Президенттің бастамасымен биыл алғаш рет бірден екі мұғалімге «Еңбек Ері» атағы берілді. Тағы 36 мұғалім мемлекеттік наградалармен марапатталып, 64-і «Үздік педагог» деп танылды. Олардың барлығы мемлекеттен 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде — 3,5 миллион теңгеден астам сыйақы алды.