Қазақстанда оқушылардың мамандық таңдауына қатысты мониторинг басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:14
- 36
Мониторингтің басты мақсаты оқушыларға көрсетілетін кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін бағалау және оның олардың болашақ білім беру бағытын таңдауға нақты әсерін анықтау. Зерттеу қорытындысы мектептер арасындағы айырмашылықтарды көрсететін салыстырмалы деректер қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Мониторинг екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Бірінші бағыттағы жұмыс «Келешек мектептері» желісіндегі білім беру ұйымдарын қамтиды. Бұл мектептерде 7-9 сынып оқушылары «Smart Bolashaq» корпоративтік қорының цифрлық платформасы арқылы тестілеуден өтеді. Тестілеу олардың қабілеті мен бейімін анықтауға бағытталған. Оқушылар тестілеуді ұялы телефон арқылы да тапсыра алады, ал ұйымдастыру-техникалық сүйемелдеу тегін қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар 7-9 сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіптік бағдар беру жүйесі туралы хабардарлығы мен бұл үдеріске қатысу деңгейі бағаланады.
Екінші бағыт ауыл мектептерін қамтиды. Өңірлік іріктеме негізінде 8-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіби бағдарға қатысты көзқарастары мен қажеттіліктері зерделенеді.
Мониторинг нәтижелері мектептердегі кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіруге, тиімді тәжірибелерді анықтауға және оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына жағдай жасауға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Фотосуретті 3D-модельге айналдыратын Telegram-бот іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 наурыз, 2026






