Жаңа оқу жылында мұғалімдер мен оқушыларды қандай жаңашылдықтар күтіп тұр
- авторjambylinfo.kz
- 31 тамыз, 2024
- 984
Биылғы жаңа оқу жылында министрлік тарапынан жасалған өзгерістер мен реформа аз емес. Бұл елдегі орта білімнің деңгейін көтеруге бағытталған кешенді шаралардың жемісі. Сонымен 2024-2025 жылғы жаңа оқу жылында 400 мұғалім мен 4 миллионға жуық оқушыны қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын саралаймыз, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді. 2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады.
Қазақстанда "Цифрлық мұғалім" жобасы пайда болды. Аталған жоба республика бойынша 2000-ға жуық оқушыны қамтиды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, "Цифрлық мұғалім" жобасы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған.
Сонымен қатар, 2024-2025 жылғы оқу жылындаі Блім беру ұйымдарында "Жеке бас қауіпсіздігі" сабағы өтіледі. Бұл пән еліміздің барлық балабақшаларында, мектептері мен колледждерінде 1 қыркүйектен бастап балаларға қорғану негіздері оқытыла бастайды. Осыған орай министрлік «Жеке бас қауіпсіздігі» тақырыбында 130 сабақ әзірлеген.
Сабақтың мақсаты – балалардың бойында жеке қауіпсіздігі пен басқаларды қорғауға қатысты саналы және жауапты қарым-қатынас қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау.
1 қыркүйектен бастап 1,7 млн қазақстандық оқушы мектептерде тегін тамақпен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар.
Сонымен қатар күшті мектептермен жұмыс басталады. Бұл жұмысты Назарбаев зияткерлік мектептері, БИЛ, Республикалық физика-математикалық мектеп жүргізеді. Таңдау құқығы өңірлердің өзінде.
Бұл операторлардың мақсаты - мықты жалпы білім беретін мектептерге білімді тарату. Ал мектептердің мақсаты - оларды енгізу және Оқу-ағарту министрлігі бекіткен KPI қол жеткізу.
Мұндай тәжірибе бізде бар. Назарбаев зияткерлік мектептері, Білімді тұрақты дамыту қорының «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп Атырау, Ақтөбе облыстарында жүргізген жұмыстары оқушылардың білім нәтижесінің едәуір артқанын көрсетті, - деген еді вице-министр Тамара Дүйсенова мұғалімдердің тамыз конференциясында.
Сондай-ақ жаңа оқу жылының ата-аналар үшін де үлкен жаңалығы бар. Қазақстанда балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі.
Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз