Қазақстандағы мектептердің 88%-і инклюзивті білім беруге жағдай жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 14 тамыз, 2024
- 492
Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.
«Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам», — деп атап көрсетті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердің басты міндеті — әр балаға жеке қолдау көрсете отырып, бірегей қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік сын-тегеуріндерге төзімділік танытуға көмектесу болып табылады. Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы