Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздіктер қатарына енді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 14:56
- 37
Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды.
Биылғы додаға Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, Түркия, Солтүстік Македония және басқа да мықты математикалық мектептері бар 24 мемлекеттен 148 қатысушы қатысты. Қатысушылар арасында әлемдік деңгейде танылған олимпиадалық мектептердің өкілдері болды. Осындай бәсекелі ортада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, тұрақты дайындық пен жүйелі жұмыстың жемісін дәлелдеді.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль түсті.
Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы Мұрат Тимур алтын медаль иегері атанды.
Астана қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Алиасқар Сұлтанәлі күміс медаль иеленді.
Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Орынбасар Бердібек, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Батырхан Бейганов, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы Али Еркебұланұлы, Қызылорда облыстық №9 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арнұр Ансатов қола медаль еншіледі.
Ұлттық құраманың жетекшілері – Қазақ-Америка университеті президенті Асылбек Исахов және «Астана-Нұра» зияткерлік мектебінің маманы Мұхтар Қабақ.






