«Шұғыл»: Семейдегі мұғалімнің мертігуіне қатысты министр пікір білдірді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:08
- 55
Семейдегі мұғалімнің мертігуіне қатысты министр Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін,- деп жазды министр.
Сонымен қатар шырша құруға еріксіз барып, аураханаға түскен Қуат Айталиевке медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтып, жағдайды ерекше бақылауына алғанын жеткізді.
- Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқықтарының «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келеді. Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін. Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды,- деді Ғани Бейсембаев.
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан оқушылар құрамасы халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2024