бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде Beginit Central Asia атты ауқымды жобасы басталады

Елімізде Beginit Central Asia атты ауқымды жобасы басталады
фото - ашық дереккөзден
Байқау 10 өңірді қамтымақ

Елімізде inDrive компаниясының халықаралық Beginit Central Asia атты ауқымды жобасы басталады, деп жазады  Jambylinfo.kz
Жоба Astana Hub халықаралық технопаркінің және iQanat қорының қолдауымен республиканың 10 өңірінде өткізіледі. Ауқымды білім беру жобасы дарынды жоғары сынып оқушыларына тегін жоғары білім алуға және көшбасшылық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Beginit Central Asia жобасы 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың маусымында Астанада аяқталады.
Жобаның іріктеу турлары өтетін қалалар: 
●    Карағанды: 2024 жылғы 20 қыркүйек 
●    Өскемен: 2024 жылғы 24 қыркүйек 
●    Павлодар: 2024 жылғы 27 қыркүйек 
●    Петропавл: 2024 жылғы 1 қазан 
●    Қостанай: 2024 жылғы 4 қазан 
●    Орал: 2024 жылғы 8 қазан 
●    Ақтөбе: 2024 жылғы 14 қазан 
●    Ақтау: 2024 жылғы 17 қазан 
●    Қызылорда: 2024 жылғы 21 қазан 
●    Тараз: 2024 жылғы 25 қазан
Жобаға қатысушылар Beginit білім беру платформасында тегін оқудан өтіп, Алматыдағы көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған оқу лагерьге қатысу және осы әлеуметтік жоба аясында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады.
Бағдарлама қорытындысы бойынша 6 үздік қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталады, атап айтқанда шетелде білім алу, ҰБТ-ға дайындық курстары және компьютерлер сыйға тартылады. Сонымен қатар, 20 финалистке inVision U университетінде тегін оқуға шақыру беріледі.
Жобаға қатысу үшін бірнеше қарапайым шартты орындау қажет: 
-    10-сыныпта оқу; 
-    Көрсетілген өңірлердің бірінде тұру; 
-    Анкетаны дұрыс  толтыру  https://beginit.indrive.com/
-    Іріктеуге қатысу үшін ата-анасының келісімін алу.
Айта кету керек, жобаның іріктеу турына келіп қатысқан оқушылар ғана келесі кезеңге жіберіледі.
Іріктеуден өткен оқушылар 2024 жылдың қарашасында Beginit платформасында оқуды бастайды. Ең үздік оқушылар 2025 жылдың наурызында Алматыда өтетін буткемпке қатысып, көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған интенсивті тренингтерге қатысады. Буткемптің қорытындысы бойынша финалисттер анықталып, олар 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында өз әлеуметтік жобаларын жүзеге асырады. Жобаның финалы 2025 жылдың маусым айының басында Астанада өтеді.
Өткен маусымда іріктеу турына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 800-ден астам өтінім түсті. Финалға 37 оқушы шығып, олардың ішінен шыққан 7 жеңімпаз шетелде оқу мүмкиндігін, ҰБТ-ға дайындық курстарын және компьютерлер жеңіп алды. 18 қатысушы inDrive компаниясынан inVision U инновациялық университетіндегі Foundation Year бағдарламасына шақырту алды.
Beginit – inDrive компаниясының әлеуметтік-білім беру бағытындағы коммерциялық емес жоба. 2023 жылдан бастап жоба Қазақстанның аймақтарындағы болашақ әлеуметтік көшбасшыларды тауып, қолдауға бағытталған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар