Елімізде педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады
- авторМағжан Орынбасар
- 4 наурыз, 2025
- 195

Елімізде педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы жылдары педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы ғылыми зерттеулермен айналысатын мұғалімдердің үлесі 1,6 есе өсті, ал педагогтер арасындағы магистрлер саны рекордтық 27,9 мың адамға жетті. Бұдан бөлек, министрлік педагогтер арасынан кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске асыруды жалғастыруда.
«Білімнің сапалы болуы ұстаздың мықтылығына байланысты. Бұл білім беру институты педагогикалық зерттеулерді жүйелі дамытуға, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін күшейтуге және болашақ мамандарды дайындау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Ғани Бейсембаев.