Білім

Елімізде жасөспірімдердің түнде ересектерсіз жүру фактілері 107,5 мыңға дейін өскен

Бұл осыдан 5 жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда екі есеге көп

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде балалардың түнде ересектерсіз жүру фактілері 107,5 мыңға дейін өскенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның сөзінше, соңғы 5 жылда балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 3 есеге – 2024 жылдың 11 айында 18,5 мың жағдайға дейін өскен. Сондай-ақ балалардың түнде ересектерсіз сыртта өз бетінше жүру фактілері 2019 жылғы 59,5 мыңнан 2024 жылы 107,5 мыңға дейін, 2 есеге артты. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мектептерде қорқыту мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын белсенді түрде енгізуде, сондай-ақ өңірлерде орталықтар ашу арқылы балаларға психологиялық қолдауды күшейтуде.

Соңғы 10 жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 55%-ға қысқарды

 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысында 2013 жылдан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 55%-ға азайғанын атап өтті. Алайда, осыған қарамастан, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстармен байланысты мәселелер әлі де сақталып отыр.  Статистикаға ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру әсер етті.

 Министр жасөспірімдер арасындағы қылмыстың негізгі себептерінің бірі балалардың ата-аналарының бақылауынсыз болуы, сондай-ақ интернет-ресурстардың теріс әсері екенін атап өтті.