сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 17:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің барлық мектептерінде «Ұлттық ойындар керуені» республикалық акциясы өтеді

Еліміздің барлық мектептерінде «Ұлттық ойындар керуені» республикалық акциясы өтеді
Оқу-ағарту министрлігі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

20 наурыз күні еліміздің барлық мектептерінде Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойындар керуені» атты республикалық мектеп акциясы ұйымдастырылады. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары, педагогтер және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Акция ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттауға, оқушылардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.

«Ұлттық ойындар керуені» еліміздің барлық өңірлерінде Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады. Бұл бастама ұлттық дәстүр сабақтастығын дәріптеп, оқушыларды ортақ мәдени құндылықтар төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді.

Акция аясында мектептерде ұлттық ойындарға арналған арнайы алаңдар ұйымдастырылып, іс-шаралар спорттық-ойын фестивалі форматында өтеді. Оқушылар асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, ләңгі сияқты ұлттық ойындарға қатысып, жас ерекшеліктеріне бейімделген ойындар мен тақырыптық эстафеталарда бақ сынайды.

Көктем мерекесін атап өту шаралары 12-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтуде. Білім беру ұйымдарында тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар, ұлттық ойындар мен мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар