Білім

Енді елімізде қала мен ауыл баласы бірдей білім алады

The final spritzer

Өйткені, мектептерде бірыңғай білім беру стандарттары енгізілуде

Қазақстанда мектептерді реновациялау бойынша ауқымды жоба басталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда. Оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан.

Бұл шаралар мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде 2025 жылы 262 мектеп, 2026 жылы 436 мектеп, 2027 жылы 466 мектеп жөнделеді. Ал, Жамбыл облысында 2028-2029 жылдары 67 мектеп жаңғыртылмақ.

Айта кетейік, Қазақстанда орта білім беру ұйымдарының 67%-ы (5236 мектеп) аудандық және ауылдық жерлерде орналасқан, бұл білім беру ошақтарында 1,6 миллион бала оқиды.