Енді әрбір қазақстандық оқулықтың мазмұнын талқылауға қатыса алады
- авторjambylinfo.kz
- 27 ақпан, 2024
- 565
Ақпан айының ортасынан бастап жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылау жүріп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына сілтеме жасай отырып.
Дереккөзіне сүйенсек, енді әрбір қазақстандық talkylau.ebmso.edu.kz сайтына кіріп, балалар білім алатын оқулықтардың мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты пікір білдіре алады.
Қазір сайтта 3-сынып үшін «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Орыс тілі» (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);
- 3,9-11 сыныптар үшін «Неміс тілі»;
- 5-9 сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқулықтары қағаз нұсқада;
- 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность» пәні бойынша электронды оқулықтар жарияланған.
«Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды», - деп хабарлайды дереккөз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз