Білім

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты  - министр

Осылайша министрліктің құрылымында алғаш рет Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті құрылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев былтыр елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асқанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министрдің сөзінше, барлық білім беру ұйымдарында бірдей инклюзиялық білім берудің қажеттілігі мен маңыздылығын ескере отырып, министрліктің құрылымында алғаш рет Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті құрылған.