бейсенбі, 22 мамыр, 2025 23:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ерлікке тағзым»: Абай университетінде жаңа ескерткіш ашылды

«Ерлікке тағзым»: Абай университетінде жаңа ескерткіш ашылды
gov.kz
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты ескерткіш белгі ашылды.

Бұл композиция – сұрапыл соғыс жылдарында майданға аттанған университет оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рахымжан Тоқатаев, Ахмедияр Құсайынов, Сәду Шәкіров, Евгений Бреусов және Жолдыбай Нұрлыбаевқа деген құрметтің көрінісі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Салтанатты шараға университет ректоры Болат Тілеп, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы өкілдері, оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, батыр түлектердің ұрпақтары қатысты.

Ректор Болат Тілеп өз сөзінде:

«Бұған дейін университеттен шыққан сегіз Кеңес Одағы Батыры белгілі болса, тарихшы ғалымдарымыздың қажырлы еңбегі нәтижесінде тоғызыншы батырдың есімі де анықталды. Осы рухани жаңалықтың құрметіне, түлектердің қолдауымен бұл ескерткіш орнатылды», – деп атап өтті.

Іс-шара «Ерлікке тағзым» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Айта кетейік, ескерткіш Абай университетінің түлегі Рақымберді Жетібайдың демеушілігімен орнатылды. Шараны ұйымдастыруға Әлеуметтік және жастар саясаты департаменті мұрындық болды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар