Білім

KazTest нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыруға болады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді

Қазақ тілін бейіндік пән ретінде таңдаған талапкерлер KazTest нәтижесін ҰБТ балына айналдыра алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аударым Ұлттық тестілеу орталығының сайтында арнайы шкала бойынша жүзеге асады:

B1 деңгейі – 42 балл,

B2 деңгейі – 46 балл,

C1 деңгейі – 50 балл.

Министрлік бұл тәсіл университетке түсу процесін жеңілдетіп, тілдік сауаттылықты арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, талапкерлерді қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеруге ынталандырады.

Ведомство грантқа құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасатынын еске салды. Ал грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.