жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Келешек мектептері»: Сарыкемердегі 600 орындық мектепке баспасөз туры өтті

«Келешек мектептері»: Сарыкемердегі 600 орындық мектепке баспасөз туры өтті
Ашық дереккөз
2024 жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілген білім ошағында бүгінде 72 педагог еңбек етуде.

Бүгін Байзақ ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №7 орта мектепте ашық есік күні өтіп, журналистерге арналған баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сарыкемер ауылында орналасқан жаңа мектеп 600 оқушыға арналған. 2024 жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілген білім ошағында бүгінде 72 педагог еңбек етуде. Мұнда 35 оқу кабинеті, 132 орындық мәжіліс залы, 176 орындық асхана, екі спорт залы, екі лингафон кабинеті, химия, физика және биология пәндеріне арналған зертханалар бар. Сондай-ақ 16 орындық оқу залы бар кітапхана, екі компьютер кабинеті және ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар жабдықталған.

Ашық есік күніне ата-аналар, қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысып, мектептің мүмкіндіктерімен танысты. Қонақтар оқушылардың жетістіктері мен шығармашылық жұмыстарын көріп, балаларға арналған бағдарламаны тамашалады.

Мектеп директоры Гүлмира Әуесбайқызы жаңа білім ордасының артықшылықтарына тоқталды:

«Бұл мектеп – балаларымыздың сапалы білім алуына жасалған үлкен мүмкіндік. Біз ұстаздар қауымы оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бар күшімізді саламыз. Заманауи жабдықталған кабинеттер мен зертханалар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашады. Ең бастысы – балаларымыздың қауіпсіз әрі қолайлы ортада оқуы қамтамасыз етілген», – деді ол.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасының мақсаты – үш ауысымды оқытуды жою, апатты мектептер мәселесін шешу және балаларға сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасау. Байзақ ауданындағы жаңа мектеп – осы мақсаттардың жүзеге асқан айқын үлгісі.

Айта кетейік, өңірде жоба аясында бүгінгі күнге дейін 4 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 3 мектеп ашылады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар