Білім

«Үлкен мүмкіндік».  IT-білімді әрбір қазақстандық тегін ала алады

Білімгердің 18 бен 45 жас арасында болуы керек

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Tech Orda бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінім қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Ведмство әлеуетті студенттердің өтінімдерін қабылдау 31 шілдеге дейін astanahub.com платформасында жүргізілетінін айтты.

Astana Hub базасында ҚР ЦДИАӨМ бастамасы аясында іске асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы адами капиталдың дамуына бағытталған. Ол веб-бағдарлама әзірлеу, 3D-дизайн мен 3D AR/VR қосымшалар, бағдарламалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік пен IoT, жасанды интеллект пен алгоритмдері, мобильді қосымшалар жасауды қоса алғанда, Big Data және GameDev салалары секілді басым секторлардың барлық спектрін қамтиды.

Түлектер Kaspi.kz, Halyk Bank, KPMG, Ernst&Young, Теңізшевройл, ҚазМұнайГаз, Freedom Finance, Kcell, Air Astana, Kolesa Group сияқты ірі компанияларды қоса алғанда, 1079 ұйымнан жұмыс тапты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кемінде 100 мың IT-маман даярлауды тапсыра отырып, жас, білімді әрі ынталы кадрларды қалыптастыру қажетін атап өтті. Тапсырмаға сәйкес ҚР ЦДИАӨМ Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, 2021 жылы 20 мың IT-кадр даярлауды көздейтін Tech Orda бағдарламасын іске қосты. Айшықты бастама шеңберінде мемлекет қолдауымен әр студентке 600 мың теңге бөле отырып, жыл сайын 3 мыңнан астам IT-маман оқыту жоспарланды.