Бұл – сынақтың бірінші кезеңі
Бүгін оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл туралы Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында айтылды.
- Қаңтар ҰБТ-сы басталды. Сәттілік! – делінген желіде.
Айта кетейік, ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалды, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалды, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Келесі мақала
2025 жылы студенттердің стипендиясы тағы өседі
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады
- авторМағжан Орынбасар
- 5 ақпан, 2026
Білім
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 90 мыңға жуық талапкер қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қаңтар, 2026






