Білім

Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті

Сонымен қатар біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар екенін ескертті

 Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) келесі жылы ҰБТ тапсыратын түлектерге маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оларға біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар екені ескертілді:

қаңтар, наурыз, тамыз – ақылы негізде қабылдау үшін (3 рет);

негізгі тестілеу (мамыр–шілде) – грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдау үшін 2 рет.

Кім қатыса алады?

Осы жылғы мектеп бітірушілер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

Жоғары оқу орнына шартты қабылданғандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

Колледж бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

Алдынғы жылы мектеп бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

Шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

Қазақ ұлтының шетелдік азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;

Шығармашылық мамандық студенттері, басқа мамандыққа ақылы негізде ауысқысы келетіндер – қаңтар, тамыз;

"Педагогикалық ғылымдар" мамандығына ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер – қаңтар, тамыз.