Магистратураға түсу үшін 22 мыңға жуық адам тест тапсырған
- авторБақытжан Бекболат
- 29 шілде, 2025
- 554
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша үміткерлердің 50%-ы, бейіндік бағытта 22%-ы шекті баллды еңсерді. Орташа нәтиже ғылыми-педагогикалық бағытта – 77 балл, бейіндік бағытта – 24 балл. Ең жоғары көрсеткіш – 139 балл, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тестілеу кезінде 54 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 32 адам тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка және т.б.) алып өтпек болғаны үшін тест тапсыру құқығынан айырылды. 21 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Бір бөгде адамның басқа біреудің орнына тестілеуге кіру әрекеті тіркелді.
Үміткерлерге онлайн-апелляция беру мүмкіндігі қарастырылған. Тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде шағым беруге болады. Апелляция жеті жұмыс күні ішінде қаралып, шешімі шыққаннан кейін сертификат үміткердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағытта кемінде 30 балл жинау қажет.
Биыл магистратураға түсу үшін 51 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оқу орындарына 13 мыңнан астам білім беру гранты бөлінген. Тестілеу 7 тамызға дейін жалғасады.
Қазақстан өнеркәсібінде 75 жаңа мамандық пайда болды
Ұқсас жаңалықтар
"Заң және тәртіп": Елімізде 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025






