жексенбі, 12 қаңтар, 2025 17:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Педсоветтен" соң мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болды

"Педсоветтен" соң мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Фото ашық дереккөз
Бұл туралы Atyrau ONLINE интернет-басылымының Telegram-каналы хабарлады

Атыраудағы №37 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте балағат сөздер естіген соң өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Отырыс кезінде қазақ тілі мұғалімі ағылшын тілі мұғалімін «алаяқтық жасады» деп айыптаған көрінеді, деп жазады Jambylinfo.kz.

«Педагогикалық кеңесте қадіріме нұқсан келтірді. Мұның алдында директор оның «қолы өте ұзын» екенін айтты. Мұның мені қорлағаны сонша, басқа жол көрмедім», - деді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, мұғалім облыстық ауруханаға түскен. 

Ал аталған оқиғаға қатыстық Оу-ағарту министрлігі түсініктеме берді. 

Министрліктің мәліметінше, комитет жағдайды  бақылауына алған. Қазіргі таңда жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың, Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылған.

«Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Ал қазіргі кезде ұстаздың жағдайы жақсы», делінген ведомствоның хабарламасында. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар