Білім

Мектептерде телефонды пайдалануға тыйым салынған ба?

Мектептерде телефонды пайдалануға тыйым салынған ба?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова «мектепке смартфон әкелуге тыйым салғынғаны рас па?» деген сұраққа жауап берді.

«Әлеуметтік желілерде мектептерде телефонды пайдалануға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарап жүр. Бұл шындыққа жанаспайды. Яғни смартфонға қатысты бұрынғы норма сақталады. Алайда мектептер өздігімен смартфондарды пайдалануға шектеу қоюға қатысты шешім қабылдай алады. Өз жарғысына сәйкес, мұндай шешім қабылдауға мүмкіндік бар», деді Шолпан Каринова.

Шолпан Каринованың айтуынша, мектепке смартфонды әкелуге қойылатын тыйым мәселесі бұрыннан бері талқыланып жатыр.

«Әртүрлі пайым-пікір бар. Түпкілікті шешім қабылдау үшін аталған мәселені зерттейтін боламыз. Әлбетте, білім алу барысында телефон бірталай кедергі келтіретінін атап өту керек», деді вице-министр.

egemen.kz