Білім

Сынып жетекшілердің жалақысы үш есе көбеюі мүмкін

Үстемақыны 8 мың теңгеден 30 мыңға дейін көтеру көзделген

Келесі жылы сынып жетекшілерінің үстемақысы 3 есеге артуы ықтимал. Бұл туралы Оқу- ағарту министрі Ғани Бисембаев журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министрдің айтуынша,  сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны үш есе  көбейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. 

Бұған дейін министр сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны яғни 8 мың теңгеден 30 мыңға дейін көтеру көзделіп отырғанын айтқан болатын.