Мемлекет басшысы "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңға қол қойды
- авторМағжан Орынбасар
- 3 шілде, 2024
- 573
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңға қол қойды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң: жаңашылдығы мен ерекшелігі:
1. Ғылыми зерттеулерді іске асыруға ұсынылатын негізділік пен технологиялық дайындықты (TRL) бағалаудың жаңа тетігі енгізілді.
2. Ғылым қорының Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі кеңейтілді.
3. Инновациялар мен жаңа технологиялар нарығын мониторингтеу мақсатында ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша жаңа механизм енгізілді.
4. Ғалымдарды ынталандыру мақсатында жас ғалымдар үшін жеңілдікті тұрғын үй сатып алу құқығы енгізіледі.
5. Салық кодексінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салық шегерімдерін беру бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары ұсынылады. 50% мөлшерінде салық шегерімдері көзделген.
6. Жергілікті атқарушы органдарға ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, гранттық қаржыландыру нысанында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша құзыреттер беру ұсынылады.
7. Жоғары ғылыми ұйым нысанындағы Ғылым академиясының жаңа мәртебесі айқындалды.
8. Президент қол қойған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді. Мәселен, ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының сатып алу рәсімдері енді Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін қағидалар бойынша жүзеге асырылады.