дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 10:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министр білім саласындағы бірегей жоба туралы айтты

Министр білім саласындағы бірегей жоба туралы айтты
Фото - ашық дереккөз
Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде сәтті жүргізілуде

Былтырдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға ерте жастан мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» бағдарламасы жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министр атап өткендей, бұл инновациялық тәсіл халықаралық тәжірибеге негізделген, балаларға тілді тезірек меңгеруге көмектесіп қана қоймай, олардың оқуға деген ұмтылысын, шығармашылық дамуын ынталандырады. Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде сәтті жүргізілуде.

-  «Тілге бойлау» жобасы аясында оқулар күн сайын ұйымдастырылады және әртүрлі әдіс-тәсілдерді қамтиды. Әдістің негізгі ерекшеліктерінің бірі - балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы. Ол шектемейді, керісінше, әр баланың қабілеттерін ашады, бұл сөйлеуі мен ауызша-логикалық ойлауына оң әсер етеді. Жоба ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жасалды. Ол осы жылдан бастап мектеп жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіле бастайды», — деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.  

Білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы 5,5 мыңға жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алғаш рет 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізілді, ол оқу бағдарламасын тереңірек меңгеруге және бекітуге бағытталған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар