Министр білім саласындағы бірегей жоба туралы айтты
Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде сәтті жүргізілуде
Былтырдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға ерте жастан мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» бағдарламасы жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министр атап өткендей, бұл инновациялық тәсіл халықаралық тәжірибеге негізделген, балаларға тілді тезірек меңгеруге көмектесіп қана қоймай, олардың оқуға деген ұмтылысын, шығармашылық дамуын ынталандырады. Қазіргі уақытта жоба еліміздің бес өңірінде сәтті жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы 5,5 мыңға жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алғаш рет 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізілді, ол оқу бағдарламасын тереңірек меңгеруге және бекітуге бағытталған.