Білім

Моңғолиядан келген қандас Ғылым академиясының ең жас академигі атанды

Профессор Сураған Дурвудхан ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып таңдалды

Сураған Дүрвудхан Қазақстан тарихындағы Ғылым академиясының ең жас академигі атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Назарбаев университетіне сілтеме жасай отырып.


PhD доктор Сураған беделді халықаралық The Ferran Sunyer i Balaguer Prize сыйлығымен марапатталған. Ол сондай-ақ шетелде ең көп цитата алатын қазақстандық ғалымдардың бірі болып табылады. Scopus дерекқорына сәйкес, оның еңбектері 383 рет жинақталған, ал Хирш индексі (h-index) 13 құрайды.