Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова республикалық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Елордада 9–11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиада қорытындыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таным көпбейінді кешенінде өткен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Сала министрі олимпиаданың бірінші орын игерелеріне алтын медаль табыстады. Республикалық олимпиаданың Астанада өткен қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 300 ден астам оқушы қатысты.
Республикалық олимпиаданың мақсаты- дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, оқушылардың интеллектуалдық және ғылыми әлеуетін дамыту, сондай-ақ халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысатын қазақстандық құраманы жасақтау.
Биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 360 мыңнан астам оқушы қатысты. Олардың арасынан 1636 оқушы республикалық кезеңге жолдама алып, өз білімдерін түрлі бағытта дәлелдеуге мүмкіндік алды. Жаратылыстану-математика бағытында 930, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта 706 оқушы бақ сынады. Ауыл мектептерінің республикалық олимпиадасында 73 жеңімпаз анықталды.
Сайысқа қатысушылардың жартысына жуығы (45%) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.