сәрсенбі, 29 қаңтар, 2025 11:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бейсембаев білім саласына қатысты жақсы жаңалық айтты

Бейсембаев білім саласына қатысты жақсы жаңалық айтты
фото - ашық дереккөзден
Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  аталған заңға сәйкес жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру үшін 12 млрд теңге бөлінгенін жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz

30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 миллиардтан астам теңге бөлініп отыр. 

«Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік осал отбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмек көрсету құзыреті беріледі. Бұл - барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деді Ғани Бейсембаев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар