Білім

Бейсембаев білім саласына қатысты жақсы жаңалық айтты

Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  аталған заңға сәйкес жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру үшін 12 млрд теңге бөлінгенін жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz

30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 миллиардтан астам теңге бөлініп отыр.