Оқушылардың оқудан қайтатын уақытын өзгертуге болады
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
- 320
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін үйлеріне қараңғыда қайтуға мәжбүр оқушылардың оқу уақытын әкімдіктер өзгерте алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты шағымдарына шешім ұсынды.
“Сабақтың басталу уақыты заңмен белгіленбеген және оқу-ағарту министрлігі оны шешпейді. Оны жергілікті атқарушы орган белгілейді. Нақты өкілеттіктер нормативтік құқықтық актілерде белгіленген”, – деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
Шенеунік оқу-ағарту министрлігі сағат тілін өзгертудің қазақстандықтардың денсаулығына әсері туралы зерттеуге қатыспай отырғанын хабарлады. Сөзінше, бұл өзгерістердің оқу үдерісіне қалай әсер еткені туралы өзінше талдау жасап жатыр.
Вице-министр биыл оқу жылы аяқталғаннан кейін нәтижелерді бөлісуге уәде берді. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі бастаған зерттеуге қатысты ғалымдардың нақты үкімі қашан жарияланатыны әлі белгісіз. Естеріңізге сала кетейін, депутаттар бұл жұмысты келесі жылдың наурызына дейін аяқтауды талап еткен.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан оқушылар құрамасы халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2024