Рекорд: Қазақстанда былтыр пайдалануға берілген оқушы орны үздік көрсеткішке жетті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қаңтар, 2025
- 145
Былтыр елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталып, үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде. Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда. Бұл жобаларды іске асыру мектептер мен интернаттардағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ бір мектепте апатты ғимарат мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Барлығы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жалпы саны 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 92 мың оқушы орнына арналған 127 мектеп құрылысы жүргізілді.
Жаңа нысандарды іске қосумен қатар қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:
254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті;
967 мектепке арналған 1621 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;
заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;
10 мыңнан астам білім беру ұйымының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы жақсартылды.
Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Жаңа нысандар құрылысы үш ауысымды 42 мектептің, 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен оқушы орынының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Қазақстанда метапневмовирус штамы анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 қаңтар, 2025
Мұғалімдер мектептің чатында отыруға міндетті ме? – заңгер жауабы
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қаңтар, 2025