жұма, 3 сәуір, 2026 18:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

Таразда республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Білім додасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтуде.

Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезең басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дарынды оқушыларды анықтауға және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған зияткерлік байқауға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 270 оқушы қатысады. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиетінен 91 оқушы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінен 86 қатысушы, Қазақстан тарихынан 93 оқушы бақ сынайтын болады.

Тапсырмалар оқушылардың әдеби талдау, тарихи деректерді саралау, тілдік мәдениет және ғылыми пайымдау қабілеттерін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, қатысушылар үшін мәдени бағдарлама, спорттық іс-шаралар және психологиялық тренингтер ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде өткізілуде. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты үш қалада ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл бағыт бойынша 925 оқушы қатысып, 423-і жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа 720 оқушы қатысады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар