дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үйірме өткізетін мұғалімдерге заң бойынша жалақы төленуі тиіс пе?

Үйірме өткізетін мұғалімдерге заң бойынша жалақы төленуі тиіс пе?
Коллаж: jambylinfo.kz
Оқушы мектеп қабырғасында бала білім алып қана қоймай, түрлі үйірмелерге барып, дағдыларын дамытады. Әсіресе, бұл ауылда тұратын балаларға өте қажет. Ал аудандық білім бөлімдері мектептердегі үйірмелер үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлей ме? Jambylinfo.kz тілшісі осы мәселені анықтап көрді.

Жалпы, бұл сұрақ ұстаздар қауымын мазалап, әрі әркез қызу пікіріталас тудырады. Сол себепті, осы сұрақты облыстық Білім басқармасына жолдап, жауап алдық.

Жамбыл облыстық білім басқарсыманың мәліметінше, үйірме деген штаттық жұмыс. Ал штат сағат болып бөлініп, «Күнделік.кз» сервисі арқылы бағаланады. Еңбекақысы төленеді. Өйткені үйірме сағаттары тарификациядан өтеді.

 «Үйірме өткізген педагогтердің жалақылары сағат ретінде есептеліп, төленеді. Оның мөлшері бекітілген тиісті коэффициенттерге базалық лауазымдық айлық ақыны көбейту арқылы айқындалады», -деп жазылған облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратта. 

Қазір мектептерде дебат пікірсайыс клубы, қазақша күрес, волейбол, домбыра, шахмат секілді үйірмелер жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар