Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге үндеу жасады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025–2026 оқу жылына түсуге ниетті талапкерлер үшін маңызды кезеңдер мен құжат тапсыру мерзімдері күн санап жақындап келеді.
Министрліктің мәлімдеуінше:
Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.