"Заң және тәртіп": Елімізде 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025
- 497
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік балалар күніне орай мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оған бір мезгілде республика бойынша 1,5 млн бала қатысты. Бұл бастама «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің барлық мектептерінде 7–11 сынып оқушылары үшін арнайы сынып сағаттары өткізіліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған біріңғай мазмұндама жазу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы, заңға бағынудың қоғамдағы рөлі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді. Республикалық акция жасөспірімдердің құқықтық білімін нығайтуға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады
- авторМағжан Орынбасар
- 5 ақпан, 2026
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 90 мыңға жуық талапкер қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қаңтар, 2026






