Білім

Жаңа оқу жылынан бастап студенттер алатын стипендия мөлшері ұлғаяды

The final spritzer

Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге болмақ

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі ҚР Заңы қабылданды, ол азаматтардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етудің қосымша тетігі болады және қолданыстағы қолдау шараларын біріктіреді. Бүгінгі таңда ашылған шоттар саны 102 мың салымды құрады. Инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады.