Білім

Жамбылдық 21 оқушы "Зерде" олимпиадасында жүлделі болды

Жамбылдық 21 оқушы "Зерде" олимпиадасында жүлделі болды

26-28 қаңтар аралығында Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» конкурсының XVI республикалық кезеңі қортындыланды. Білім бәйгесіне облыстан 31 оқушы қатысып, оның 21-і жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқан әрбір оқушы терең білімімен ерекшеленгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Байқау барысында жас зерттеушілер – зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары бойынша, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия, биология, экология, валеология секцияларынан өз білімдерін сынады. Республикалық XVI «Зерде» конкурсына қатысқан оқушылар мен оларды дайындаған пән мұғалімдерін құттықтаймыз!