Жамбылдық 9 оқушы республикалық олимпиаданың келесі кезеңіне өтті
- авторjambylinfo.kz
- 25 қаңтар, 2021
- 356
Қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында «Дарын» Республикалық орталығының ресми сайтында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының 1-ші туры аяқталды. Олипиадаға облыстан 422 оқушы қатысып, мемлекеттік тілді игеру деңгейімен бақ сынасты. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған жамбылдық 9 оқушы ІІ турға жолдама алды. Қорытынды тур 28 қаңтар күні сағат 15.00-де прокторинг және бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы онлайн форматта өтеді. Айта кету керек, қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары екіге бөлінеді: түркі тілдес ұлт оқушыларына арналған және өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар. Үміткерлерге лексика-грамматикадан 70 тапсырма, оқу сауаттылығынан 50 тапсырма беріледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз